$ 489.3 € 578.94 ₽ 6.38

Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады

Абдрахманов Мағжан
18 ақпан 2026, 12:09
Тоқаев Трамптың шақыртуымен АҚШ-қа барады Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 18-19 ақпан күндері АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен Вашингтонға жұмыс сапарымен барады. Сапардың басты мақсаты – Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысына қатысу.

Ақ үй ұйымдастырып отырған саммитте әлемдік қоғамдастықты алаңдатқан Газа секторындағы ахуалды тұрақтандыру мәселесі басты назарда болады. Көшбасшылар келесі бағыттар бойынша нақты шараларды талқылайды:

  • Өңірде тұрақты бейбітшілік орнату;

  • Қауіпсіздікті қамтамасыз ету тетіктерін әзірлеу;

  • Зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек жеткізуді үйлестіру.

Саяси келіссөздермен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаевтың сапары экономикалық сипатқа ие. Президент Американың ірі трансұлттық компанияларының жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізеді. Бұл кездесулерде Қазақстанға инвестиция тарту және заманауи технологиялар трансфері мәселелері қарастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар