$ 536.32 € 626.9 ₽ 6.6

Тоқаев Трампты Газа секторында бейбітшілік орнатуымен құттықтады

Абдрахманов Мағжан
13 қазан 2025 17:44 362
Трамп Газа секторындағы соғыстың аяқталғанын жариялады
Тоқаев Трампты Газа секторында бейбітшілік орнатуымен құттықтады Сурет авторы: Telegram/ Ruslan Zheldibay

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президенті Дональд Трампты Газа секторында көптен күткен бейбітшілікті орнатудағы елеулі дипломатиялық жетістігімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президенттің пікірінше, Дональд Трамп саяси ерік-жігерінің беріктігін және халықтар арасындағы бейбітшілік пен өзара келісімге ұмтылысын айқын көрсетті.

Еске салайық, 13 қазанда Дональд Трамп Газа секторындағы соғыстың аяқталғанын жариялады. ХАМАС қозғалысы келісімнің алғашқы кезеңі аясында екі жылдан астам уақыт бойы тұтқында болған 20 адамды босатты. Қаза тапқандардың мәйіті әзірге Израильге тапсырылған жоқ. Ал бостандыққа шыққан бірқатар палестиналық тұтқын Батыс жағалаудағы Рамалла қаласына жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар