$ 494.66 € 581.87 ₽ 6.43

Тоқаев Трамп атындағы арнайы награда тағайындауды ұсынды

Абдрахманов Мағжан
20 ақпан 2026, 10:15
Тоқаев Трамп атындағы арнайы награда тағайындауды ұсынды Сурет авторы: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бейбітшілік кеңесінің алғашқы отырысында АҚШ Президенті Дональд Трамптың есімімен арнайы награда тағайындау бастамасын көтерді. Мемлекет басшысы бұл марапат бейбітшілікті ілгерілету жолындағы ерекше жетістіктерді мойындаудың белгісі болуы мүмкін екенін айтты.

– Сонымен қатар Бейбітшілік кеңесі аясында Президент Трамп атындағы арнайы награданы бекітуді ұсынамын. Бұл – оның бейбітшілікті ілгерілету ісіндегі ғаламат жетістіктеріне көрсеткен құрметіміз болмақ. Сіздің тегеурінді әрі көреген басшылығыңызбен Кеңес өзінің тарихи ізгі миссиясын абыроймен атқаратынына сенімдімін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бейбітшілік кеңесі құрылымын Дональд Трамп Газа секторындағы ахуалды реттеу тетігі ретінде ұсынған. Ақ үй өкілдері бейресми түрде болашақта ұйым Біріккен Ұлттар Ұйымына балама функцияларды ішінара атқаруы мүмкін екенін жоққа шығармаған. Алайда Трамп Кеңес БҰҰ-ның орнын баспайтынын атап өткен.

Ұйымның алғашқы отырысы 19 ақпанда Вашингтонда өтті. Орталық Азия елдері арасынан Бейбітшілік кеңесінің құрамына Қазақстан мен Өзбекстан кірді.

Соңғы жаңалықтар