$ 479.02 € 551.11 ₽ 5.82

Тоқаев тағы бір амнистия болатынын жариялады

Абдрахманов Мағжан
17 наурыз 2026, 14:49
Тоқаев тағы бір амнистия болатынын жариялады Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда жаңа амнистия жүргізілетінін жариялады. Ол парламентке ағымдағы сессия аяқталғанға дейін қосымша амнистия туралы заң қабылдауды тапсырды.

Тоқаев өткен жылы да қылмыстық амнистия өткенін еске салды. Бұл жолы амнистияға азаматтар мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндірмейтін кейбір қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар кіреді.

Президент әкімшілік амнистия тарихта бірінші рет жүзеге асатынын атап өтті.

«Елімізде әкімшілік істер бойынша рақымшылық алғаш рет жасалатынын атап өткім келеді. Парламент қазіргі сессияның соңына дейін тиісті заң қабылдауы керек. Бұл – Негізгі заңдағы адамгершілік идеалдары мен прогрессивті құндылықтарды қоғамда орнықтыратын маңызды қадам», – деді Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар