$ 476.75 € 541.59 ₽ 6.06

Тоқаев Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады

Абдрахманов Мағжан
29 шілде 2026, 09:47
Тоқаев Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Арман Исағалиев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Арман Исағалиев еңбек жолын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде бастаған. 2000 жылдан бастап Қазақстанның Мысырдағы елшілігінде қызмет атқарған.

Әр жылдары Дубай және Солтүстік Әмірліктердегі бас консул, Қазақстанның Мысыр, Алжир және Тунистегі Төтенше және өкілетті елшісі болды.

2020 жылдан бері Қазақстанның Қатар Мемлекетіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған. Енді ол Сыртқы істер министрінің орынбасары ретінде дипломатиялық қызметін жалғастырады.

Соңғы жаңалықтар