$ 538.54 € 628.31 ₽ 6.7

Тоқаев Си Цзиньпиннің «ортақ тағдыр» бастамасын қолдады

Дулат Абдраманов
17 маусым 2025 17:21 160
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің «Тағдыры ортақ көршілес елдер қоғамдастығын» құру бастамасына жоғары баға берді. Оның айтуынша, бұл бастама теңқұқылы серіктестік пен өзара құрмет қағидаларына сай келеді.
Тоқаев Си Цзиньпиннің «ортақ тағдыр» бастамасын қолдады

Мемлекет басшысы Саммит қорытындысында қол қойылатын «Мәңгі тату көршілік, достық пен ынтымақтастық туралы шарттың» осы ұстанымдарды қамтитынына сенім білдірді.

Тоқаев Қазақстан Орталық Азияда бейбітшілік пен қауіпсіздіктің аймағы болғанын қалайтынын айтып, экстремизм, терроризм, есірткі және қару саудасы, заңсыз көші-қон, адам саудасы сияқты қауіптерге қарсы күресті жалғастыратынын мәлімдеді. Ол киберқылмыстың өршуіне алаңдаушылық білдіріп, салалық ведомстволар арасында тұрақты байланыс орнатуды ұсынды.

Соңғы жаңалықтар