$ 481.83 € 556.8 ₽ 5.85

Тоқаев Ресей премьер-министрін қабылдады

Абдрахманов Мағжан
26 наурыз 2026, 15:02
Тоқаев Ресей премьер-министрін қабылдады Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Үкімет төрағасы Михаил Мишустинді қабылдады.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Ресей арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастың нығайып келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру барысы талқыланды.

Президент Михаил Мишустиннің Шымкент қаласында өтетін Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына және Цифрлық форумға қатысуы екіжақты байланыстардың маңызын көрсететінін айтты.

«Қазірдің өзінде құны 25 миллиард долларға жуық 122 ірі жоба іске асырылды. Сауда көлемі 30 миллиард долларға жақындады»

Тоқаевтың айтуынша, Ресей Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі болып қала береді.

Кездесу барысында Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселелері де қаралды.

Мемлекет басшысы бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға серпін беретін маңызды оқиға екенін атап өтті.

 

Соңғы жаңалықтар