$ 536.32 € 626.9 ₽ 6.6

Тоқаев Путинмен алдағы Ресейге сапарын талқылады

Абдрахманов Мағжан
14 қазан 2025 14:44 36
Тоқаев Путинмен алдағы Ресейге сапарын талқылады Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.

Келіссөз барысында екі ел басшылары бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысын талқылады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевтың қараша айында Ресейге жасайтын мемлекеттік сапарына дайындықтың негізгі аспектілері қарастырылды.

Айта кетейік, бұл – Қазақстан мен Ресей көшбасшыларының Тоқаевтың алдағы сапарына қатысты үшінші рет пікір алмасуы. Бұған дейін олар бұл мәселені қыркүйек айының соңында телефон арқылы, ал өткен аптада Душанбедегі жеке кездесу кезінде талқылаған болатын.

Соңғы жаңалықтар