$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Абдрахманов Мағжан
26 қыркүйек 2025, 17:11
Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Әңгімелесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастардың жүйелі дамып келе жатқаны атап өтілді. Мемлекеттер басшылары сауда-экономикалық ынтымақтастықтың, оның ішінде энергетика, өнеркәсіп және көлік салаларындағы уағдаластықтардың жүзеге асырылуын қарастырды.

Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланыстардың нығая түскені айтылды.

Сұхбат барысында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге жасайтын мемлекеттік сапарына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылды. Тараптар өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті тақырыптар бойынша да пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар