$ 479.26 € 546.21 ₽ 6.13

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Абдрахманов Мағжан
30 маусым 2026, 17:42
Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгіме барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің биыл мамыр айында Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтар екіжақты ынтымақтастықтың барлық бағытына жаңа серпін бергенін атап өтті. Президенттің айтуынша, екі елдің үкіметтері аталған келісімдерді кезең-кезеңімен жүзеге асырып жатыр.

Тараптар сондай-ақ шілде айының соңында Омбы қаласында өтетін ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын талқылады.

Бұдан бөлек, мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Әңгіме соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин жұмыс барысында тұрақты байланыста болуға келісті.

Соңғы жаңалықтар