$ 473.59 € 544.68 ₽ 5.94

Тоқаев пен Орталық Азия басшылары Ыстықкөлдегі F1H2O жарысын ашты

Абдрахманов Мағжан
01 тамыз 2026, 18:14
Тоқаев пен Орталық Азия басшылары Ыстықкөлдегі F1H2O жарысын ашты Сурет авторы: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Қырғызстандағы Ыстықкөлде су-мотор спортынан UIM F1H2O әлем чемпионатының гран-при кезеңін ашты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері жарысқа қатысушылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі. Мемлекет басшыларына су жарысына арналған арнайы қайық таныстырылды.

Бұдан кейін төрт елдің президенті бір мезгілде нышандық тетікті басып, «Қырғызстан Республикасы – Ыстықкөл 2026 гран-при» кезеңін ресми түрде ашты.

Жарысқа Біріккен Араб Әмірліктері, Аустралия, Канада және басқа да мемлекеттердің намысын қорғайтын сегіз команда мен 18 спортшы қатысып жатыр.

Бұл — Қырғызстанда алғаш рет ұйымдастырылған UIM F1H2O әлем чемпионатының кезеңі. Ұйымдастырушылар оны ел тарихындағы ең ірі халықаралық спорттық-мәдени шаралардың бірі деп атады.

Соңғы жаңалықтар