$ 536.32 € 626.9 ₽ 6.6

Тоқаев: Парламентті реформалау – Сенатты тарату деген сөз емес

Абдрахманов Мағжан
14 қазан 2025 12:53 386
Тоқаев: Парламентті реформалау – Сенатты тарату деген сөз емес Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламенттік реформа жөніндегі Жұмыс тобының алғашқы отырысында Парламенттің рөлін күшейтіп, өкілді билік жүйесін жаңарту қажет екенін айтты. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президенттің айтуынша, қолға алынған реформалар елдің саяси жүйесін жаңа деңгейге көтеріп, басқару құрылымын түбегейлі өзгертеді.

«Парламенттік реформа “Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет” қағидатына толық сәйкес келеді. Бұл – мемлекетіміздің құрылымын айқындайтын басты тұжырым», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы қоғамда тараған жаңсақ пікірлерге тоқталып, реформаның мақсаты Сенатты тарату емес екенін нақты айтты.

«Парламентті реформалау бұл – Сенатты тарату деген сөз емес. Мұндай қате пікірге жол беруге болмайды. Біздің алдымызда тұрған мақсат – айқын. Біз өкілді билік тармағын түбегейлі жаңғыртуымыз керек. Осылайша, азаматтарымыздың мүдделері мен тілек-ниетін білдіретін заң шығарушы орган мүлде жаңа сипатқа ие болады», – деді Президент.

Соңғы жаңалықтар