$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Тоқаев Парламент төрағасы лауазымын өзіне дайындап жатыр ма?

Абдрахманов Мағжан
05 қаңтар 2026, 09:27
Тоқаев Парламент төрағасы лауазымын өзіне дайындап жатыр ма?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Turkistan газетіне берген сұхбатында парламенттік реформалар Парламент төрағасының лауазымын күшейту және оны болашақта өзі иелену үшін жүргізіліп жатыр деген пікірлерге қатысты пікір білдірді.

Президент мұндай болжамдарды «бос әңгіме» деп атап, олардың өз саяси қағидаттарына түбегейлі қайшы келетінін айтты. Оның сөзінше, Қазақстан президенттік басқару үлгісіндегі мемлекет болып қала береді.

– Мен «Күшті Президент – Ықпалды Парламент – Есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасын Ақордаға келмей тұрып, сегіз жыл бұрын жарияладым. Жеке бастың қамын ойлап, мемлекеттік басқару жүйесін түбегейлі өзгерту – жауапсыздық әрі адамгершілікке жат әрекет болар еді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы ел үшін аса маңызды реформалардың барлығы міндетті түрде жалпыхалықтық референдум арқылы қабылданатынын атап өтті. Оның айтуынша, парламенттік өзгерістерде ешқандай жасырын мақсат жоқ, ал саяси реформалар жалғаса береді.

Соңғы жаңалықтар