$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін ауыстырды

Редакция
07 қараша 2024, 01:56
Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының мүшелерін ауыстырды Сурет авторы: gov.kz

Президент Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының екі мүшесін ауыстырды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет Басшысының жарлықтарымен: 

Сәбила Сапарқызы Мұстафина мен Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.

Азамат Мақсотұлы Айманакумов пен Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар