$ 455.4 € 526.99 ₽ 5.25

Тоқаев Нұрлыбек Нәлібаевты бірінші вице-премьер етіп қайта тағайындады

Абдрахманов Мағжан
03 қыркүйек 2026, 11:00
Тоқаев Нұрлыбек Нәлібаевты бірінші вице-премьер етіп қайта тағайындады Сурет авторы: gov.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Нұрлыбек Нәлібаев Қазақстан Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

Бұған дейін оның кандидатурасын Құрылтайдың Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті мақұлдаған.

Нұрлыбек Нәлібаев 1976 жылы дүниеге келген. Мамандығы бойынша экономист-менеджер және заңгер.

Бірінші вице-премьер қызметіне келгенге дейін төрт жыл Қызылорда облысының әкімі болды.

Әр жылдары Премьер-Министр кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласының әкімі, Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі, облыс әкімі аппаратының басшысы және Қызылорда қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар