$ 491.59 € 572.16 ₽ 6.24

Тоқаев некені ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет деп есептейді

Редакция
20 қаңтар 2026, 13:04
Тоқаев некені ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет деп есептейді Сурет авторы: Kursiv.media

Мемлекет басшысы жастардың санасын «жаңаша өмір сүру үлгісі» деген желеумен теріс бағытқа бұрғысы келетіндерден сақтану керектігін ескертті. Ұлттық құндылықтарымызды сақтап, саяси арандатушылардың халық бірлігін бұзуына жол бермеу - басты міндет.

«Менің не туралы айтып отырғанымды бәрі түсінді деп ойлаймын. Мемлекет дәстүрлі мәдени құндылықтарды қорғауға, деструктивті, ал ашығын айтсақ, адамгершілікке жат мінез-құлық үлгілерін насихаттауға қарсы тұруға міндетті», - деп толықтырды Президент.

Сонымен қатар егер адамдардың моральдық ұстанымдары мемлекеттің позициясымен сәйкес келмесе, оларды қудалауға болмайтынын атап өтті.

Конституцияға сәйкес, неке - тараптардың ерікті және толық келісімімен қиылған ер мен әйелдің тең құқылы одағы.

Соңғы жаңалықтар