$ 450.91 € 522.69 ₽ 5.33

Тоқаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяға барды

Абдрахманов Мағжан
14 қыркүйек 2026, 09:23
Тоқаев мемлекеттік сапармен Оңтүстік Кореяға барды Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен мемлекеттік сапармен Сеулге барды, деп хабарлады Ақорда.

Мемлекет басшысын Сеул әуежайында Корея Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды.

Бұған дейін Ақорда 14–16 қыркүйек аралығында Президенттің Оңтүстік Кореяға мемлекеттік сапары өтетінін хабарлаған еді. Сапар барысында жоғары деңгейдегі келіссөздер, ірі кореялық компаниялар басшыларымен кездесулер және Қазақстан мен Корея арасындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылау жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар