$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Тоқаев мемлекеттік сапармен Әзербайжанға барады

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 1388
Тоқаев мемлекеттік сапармен Әзербайжанға барады

11-12 наурыз күндері Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанға ресми сапармен барады. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Бұл Тоқаевтың Әзербайжанға екінші ресми сапары. Әзербайжанда соңғы рет 2022 жылы болған президент бұл жолы екі ел арасындағы қатынасты жоғары деңгейге көтеруді көздеп отыр.

Әзербайжанның azertag сайты бұл сапарды «Жаңа эра» деп атады. Тоқаев сапар алдында сұхбат берген. 

«Бакуге сапарым барысында біз Жоғары мемлекетаралық кеңестің жұмысын бастаймыз және оның алғашқы отырысын өткіземіз» деді Тоқаев.  

Кейінгі жарты жыл ішінде Әзербайжанмен 40-қа жуық аса маңызды құжаттарға қол қойылған. Бұл жолы да құжаттар пакеті дайындалып жатыр және бұл бұрынғыдан өзгерек болмақ. 2020 жылдан бері екі ел арасындағы сауда-саттық айналымы 5 есе өсіп, 109-дан 529 млн долларға жеткен.

Соңғы жаңалықтар