Тоқаев медицина саласындағы заңсыздықтарды тексеруді талап етті
Сурет авторы: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев денсаулық сақтау саласындағы жүйелі мәселелерге тоқталып, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметін кешенді тексеру нәтижесінде көптеген заңбұзушылық пен теріс пайдалану деректері анықталғанын мәлімдеді.
Мемлекет басшысының айтуынша, тексеру барысында негізінен жалған есеп беру, құжаттарды өрескел қолдан жасау арқылы мемлекеттік қаражатты ауқымды көлемде жымқыру фактілері тіркелген.
Президент ел бойынша экономикалық өсімге, инфрақұрылымдық жобаларға және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға бар күш жұмылдырылып жатқанын атап өтті. Алайда осы мақсаттарға бөлінген әлеуметтік саладағы қомақты қаржының тиімсіз жұмсалып, талан-таражға түсуі жол беруге болмайтын жағдай екенін айтты.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың дерегінше, 2024–2025 жылдары денсаулық сақтау саласын дамытуға мемлекет 7,8 трлн теңге бөлген. Бұл қаражат ең алдымен азаматтардың өмір сапасын арттыруға бағытталуы тиіс.
Президент білім беру мен денсаулық сақтауға жұмсалатын мемлекеттік шығындар «Әділетті Қазақстан» құру стратегиясының өзегі екенін атап өтті. Осыған байланысты құқық қорғау органдарына сыбайлас жемқорлық схемаларынан пайда көрген барлық тұлғаны анықтау тапсырылды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Үкіметтің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын Қаржы министрлігі қарамағына беру туралы шешімін қолдайтынын айтты.
Президенттің пікірінше, Қорда орын алған жағдай әлеуметтік саладағы басшылардың кәсіби деңгейінің төмендігін және мемлекеттік мүддеге салғырт қарауын көрсетеді. Осы себепті мемлекеттік қызметтегі адалдық пен жауапкершілікке деген сұраныс әлі де өзекті жалпыұлттық міндет болып қала береді.
Соңғы жаңалықтар
-
Қазақстан әлемдегі ең қуатты армиялардың топ-60 тізіміне енді
14 минут бұрын
-
Қазақстанда туристік аймақтарға арзан әуе рейстерінің тізімі жарияланды
26 минут бұрын
-
Қазақстандық ерлер неге кеш үйленеді? Статистикалық талдау
35 минут бұрын
-
Астаналық оқушылар Хьюстондағы FIRST World Championship әлемдік додасында топ жарды
48 минут бұрын
-
Айбек Дәдебай «Әділет» саяси партиясының төрағасы болып сайланды
1 сағат бұрын
-
Ел қорғаны – ерлер: Түркістанда сарбаздар құрметке бөленді
18 сағат бұрын
-
Мамыр мерекелерінде Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады
20 сағат бұрын
-
Ақтөбе облысында ауыл әкімі өлі табылды
21 сағат бұрын
-
Алматы әуежайына швейцариялық ұшақ шұғыл қонды
22 сағат бұрын
-
АҚШ Ормуз бұғазы бойынша БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне қарар ұсынды
23 сағат бұрын
-
Нұрай Серікбай ісінде жаңа күдіктілер жауапқа тартылуы мүмкін
23 сағат бұрын
-
Бұралқы иттерді қайтарымсыз аулау моделі сақталады
1 күн бұрын
-
Жануарларға қатыгездік: айыппұл өсіп, жаза күшейтіледі
1 күн бұрын
-
Қарағандылық курсант қарсыласын 57 секундта сұлатып салды
1 күн бұрын
-
Айыппұлы барларға мемлекеттік қызмет көрсетілмейді: Қазақстанда жаңа шектеулер енгізілмек
1 күн бұрын
-
Назарбаев Университеті пәтерінен қару табылды: қылмыстық іс қозғалды
1 күн бұрын
-
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: алматылықтар қоршау қоюды талап етті
1 күн бұрын
-
Тоқаев Си Цзиньпинге Қытайдағы жарылысқа байланысты көңіл айтты
1 күн бұрын
-
Елімізде такси нарығына бақылау күшейеді
1 күн бұрын
-
АҚШ Ормуз бұғазындағы операцияны уақытша тоқтатпақ
1 күн бұрын
-
Қызылорда облысының әкімі Үкімет басшысының бірінші орынбасары қызметіне көтерілді
1 күн бұрын
-
Құрылтай депутаттарына жаңа талап: Жеке мәселені мінберден айтуға болмайды
1 күн бұрын
-
АҚШ пен Иран Ормуз бұғазы үшін тартысқа түсті
1 күн бұрын
-
АЭС құрылысының құны құпия сақталуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Алматы әуежайы терминалды су басқаны үшін жауапқа тартылды
1 күн бұрын
-
Роман Скляр Президент Әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда қызметтік иттер 50-ден астам кісі өлімін ашуға көмектесті
2 күн бұрын
-
Өскемендегі зауыттағы жарылыстан екі адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Жол ережесін бұзбайтын тәртіпті жүргізушілерге сыйақы төлене ме? Үкімет жауабы
2 күн бұрын
-
Қытайдағы отшашу зауыты жарылды: 21 адам қаза тапты
2 күн бұрын
-
Өскемендегі зауыттағы жарылыстан тоғыз адам зардап шекті
2 күн бұрын
-
Ресей 9 мамырға орай Украинамен екі күндік бітім жариялады
2 күн бұрын
-
Өскемендегі зауытта жойқын жарылыс: ғимарат қирап, өрт шықты
2 күн бұрын
-
Комада жатқан науқастарға жәрдемақы қалай тағайындалады?
2 күн бұрын
-
Астанада тіс емдету кезінде 20 жастағы жігіт қайтыс болды
2 күн бұрын
-
Астанада екі жасар бала көлік астына түсіп қаза болды
2 күн бұрын
-
Қазақстан авиациясын америкалық маман басқаратын болды
2 күн бұрын
-
Қазақстанда жылдық инфляция 10,6%-ға дейін баяулады: қандай тауарлар қымбаттады
2 күн бұрын
-
Павлодарда 2 мыңнан астам мұғалімнің жеке деректері интернетке тарап кеткен
3 күн бұрын
-
Қарағанды облысында теміржол қызметкері пойыз астына түсіп мерт болды
3 күн бұрын
-
АҚШ Ормуз бұғазында қалып қойған бейтарап елдердің кемелерін шығару операциясын бастайды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда неге мыңдаған кәсіпкер жұмысын тоқтатты: Министр нақты себептерін түсіндірді
3 күн бұрын
-
ОПЕК+ мұнай өндіруді тағы да арттырмақ: Бұл шешім Қазақстанға қалай әсер етеді
3 күн бұрын
-
Қосшыға қарай LRT қашан жүреді: Жаңа бағыттың құрылысы басталды
3 күн бұрын
-
Өскемендегі ерекше акция: 2,5 мың түлек қаланы жасыл желекке бөледі
4 күн бұрын
-
GPA 3,33+ түлектерге конкурссыз жұмысқа орналасу мүмкіндігі бар
6 күн бұрын
-
«Мөлдір бұлақ» экологиялық акциясы: Астанада еріктілер бұлақ көздерін қоқыстан арылтты
6 күн бұрын
-
Тоқаев Лавровты қабылдап, Путиннің Қазақстанға сапарын талқылады
6 күн бұрын
-
Мемлекеттік қызметкерлердің орташа жалақысы қанша екені белгілі болды
6 күн бұрын
-
Алматы қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Ержан Бабақұмаровты өлтірген күдікті 11 жылға сотталды
6 күн бұрын