$ 502.57 € 591.68 ₽ 6.42

Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңға қол қойды

Абдрахманов Мағжан
30 желтоқсан 2025, 16:03
Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңға қол қойды Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне архив ісі және құқыққа қайшы контенттің таралуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды.

Құжатта қоғамдық кеңістікте, бұқаралық ақпарат құралдарында, телекоммуникация желілерінде және онлайн-платформаларда педофилияны және дәстүрлі емес жыныстық бағдарды насихаттайтын ақпаратты таратуға шектеу қою көзделген.

Сенатта аталған заңның негізгі мақсаты балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау екені атап өтілді. Заң нормалары кәмелетке толмағандарды зиянды ақпараттан қорғауға және құқыққа қайшы контенттің таралуына жол бермеуге бағытталған.

Заң қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Соңғы жаңалықтар