$ 537.34 € 623.05 ₽ 6.65

Тоқаев Қырғызстандағы сапарын «Ата бейітке» зиярат етуден бастады

Дулат Абдраманов
22 тамыз 2025 10:50 37
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстандағы ресми сапары басталды
Тоқаев Қырғызстандағы сапарын «Ата бейітке» зиярат етуден бастады Сурет авторы: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасына ресми сапарын ұлттық тарихи-мемориалдық кешен – «Ата бейітке» барудан бастады.

Бұл жерде қырғыз халқының елге қалтқысыз қызмет еткен ардақты тұлғалары мен сталиндік қуғын-сүргін құрбандары жерленген. «Ата бейіт» атауын кезінде жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.



Мемлекет басшысы кешен аумағындағы 1916 жылғы Үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.

Соңғы жаңалықтар