$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Тоқаев құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне пәтер кілттерін тапсырды

Редакция
23 желтоқсан 2025, 17:57
Тоқаев құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне пәтер кілттерін тапсырды Сурет авторы: Ақорда

Жаңа жыл қарсаңында Бас прокуратура, Мемлекеттік күзет қызметі және Ішкі істер министрлігінде еңбек ететін бір топ қызметкер тұрғын үймен қамтылды. Пәтер кілттерін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен ресми рәсімде табыстады.

Салтанатты жиында Президент ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтау – мемлекеттің басты әрі стратегиялық міндеттерінің қатарында екенін атап өтті.

– Сіздер ел тыныштығын қырағы қорғап, тұрақтылықты сақтауға зор үлес қосып жүрсіздер. Қоғамда «Заң мен тәртіп» және әділдік қағидатын орнықтыру үшін табанды еңбек етіп келесіздер. Жұмыстарыңыз – оңай емес, күрделі. Соған қарамастан кәсіби білікті, жауапкершілігі жоғары маман ретінде елімізге адал қызмет етіп жатсыздар. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Мінсіз қызмет қашанда жоғары бағалануға тиіс. Мемлекет өздеріңіз сияқты өз ісіне адал азаматтарды әрдайым қолдайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар