Тоқаев Көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Сурет авторы: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлде алған Қазақстан құрамасының спортшылары мен бапкерлерін марапаттады. Тәуелсіздік сарайында өткен салтанатты жиында Мемлекет басшысы ұлттық құраманың жалпы есепте бірінші орын алуын ел мерейін өсірген елеулі жетістік деп бағалады.
Қазақстан құрамасы жарыста 74 медаль жеңіп алды. Оның 32-сі – алтын. Президент әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түсіп, көк байрақты биікке көтерген ұлттық құрама ел үмітін толық ақтағанын айтты.
«Мен Президент ретінде баршаңызға Отанымызға әкелген рухты жеңістеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздерге тұтас халқымыз жанкүйер, тілекші болды», – деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Көшпенділер ойындарының басты міндетінің бірі халықтар арасындағы достық пен өзара құрметті нығайту екенін атап өтті. Сондай-ақ жарыстың жоғары деңгейде өтіп, нәтижелердің әділ болғанын айтып, Қырғызстан Президентіне ризашылығын білдірді.
«Көшпенділер ойындарының мәртебесі – ортақ абыройымыз»
Тоқаев әлем жұртшылығы түркі халықтарына назар аударып отырғанын айтып, Көшпенділер ойындарын бірлесіп дамытуға шақырды. Оның сөзінше, Қазақстан бұл іске белсенді атсалысуға дайын.
«Біз – Ұлы дала өркениетінің заңды мұрагерінің біріміз. Батыр бабаларымыз ұлан-ғайыр жерді бізге аманат етті. Салт-дәстүрімізді, рухани құндылықтарымызды мұра етіп қалдырды. Қастерлі қазынаны көздің қарашығындай сақтап, жас буынға табыстау – ортақ парызымыз», – деді Президент.
Тоқаев даңғаза мен айқай-шуға жол бермеуге шақырды
Президент сөзінде қоғамдағы мінез-құлық мәдениетіне де тоқталды. Ол ұлттық спортпен айналысатын жастардан бастап мемлекеттік қызметшілерге, кәсіпкерлерге, дәрігерлерге, ұстаздарға, студенттер мен ғалымдарға дейін қоғамның барлық мүшесі мәдениетті әрі сабырлы болуы керек екенін айтты.
«Бәріміз мәдениетті, сабырлы болып, даңғаза мен айқай-шуға жол бермеуіміз қажет. Сонда ғана қазақ халқы толыққанды өркениетті қоғам болады», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Соңғы жаңалықтар
-
Отбасы неғұрлым мұқтаж болса, мемлекет көмегі соғұрлым артады – Еңбек министрі
17 сағат бұрын
-
Қандай жәрдемақылар табысқа қарамай төленеді? Толық тізім
17 сағат бұрын
-
Еңбек министрі табысы мен мүлкін жариялап, отбасының санатын тексерді
18 сағат бұрын
-
Бала туғандағы төлем кімге беріледі: А-дан Е-ге дейінгі санаттар бойынша түсіндірме
18 сағат бұрын
-
NURORDA-ның екі оқушысы халықаралық физика олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
18 сағат бұрын
-
Ұлттық банк борышкердің шотында ең төменгі күнкөріс мөлшерін қалдыруды қолдады
18 сағат бұрын
-
200-ден астам қазақстандық жәрдемақыдан өз еркімен бас тартты
19 сағат бұрын
-
Қазақстан Орталық Азияда бірінші болып жаңа халықаралық бастамаға қосылды: ол не береді?
19 сағат бұрын
-
Қазақстан Газаны қалпына келтіруге үлес қосуға дайын екенін мәлімдеді
20 сағат бұрын
-
Үйі мен көлігі бар отбасы да жәрдемақы ала алады – Еңбек министрлігі
22 сағат бұрын
-
Астанада 170 пәтерді заңсыз иемденбек болған: іске полицейлердің де қатысы болуы мүмкін
23 сағат бұрын
-
Боқаевқа Қылмыстық кодекстің бірден бес бабы бойынша айып тағылуда – Алматыда сот процесі басталды
1 күн бұрын
-
407 мың қазақстандық Ұлттық қордағы жинағын пайдаланды: ақша қайда жұмсалды?
1 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап екі әлеуметтік төлем 8,5%-ға өсуі мүмкін
1 күн бұрын
-
Navai-дың ұсталуына байланысты Ресей Қазақстанға нота жолдады
1 күн бұрын
-
Семейде нәрестені қоқыс жәшігіне тастаған бұрынғы полицей өмір бойына сотталды
1 күн бұрын
-
30 мыңнан астам қазақстандық әйел бала күтіміне берілетін жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
1 күн бұрын
-
Тоқаев Израиль Президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
1 күн бұрын
-
Reuters: Қазақстанмен байланыстырылған хакерлер Ресейдегі мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасаған
1 күн бұрын
-
Алматылық жастар кітап оқып, ақшалай сыйлық ұта алады
1 күн бұрын
-
Еуроодақ ресейліктерге кіру тәртібін қиындатпақ: Шенген аймағында не өзгеріп жатыр?
1 күн бұрын
-
Отбасы банк қазақстандықтарға алты ай күтпей-ақ пәтер сатып алуға мүмкіндік берді
1 күн бұрын
-
Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін өсті
1 күн бұрын
-
Зумерлердің жаңа құпиясы: Кэшбэктер мен банк бонустары қымбатшылықты қалай жеңіп жатыр
2 күн бұрын
-
БҰҰ Қазақстанды тұрмыстағы зорлық-зомбылықты жеке қылмыс ретінде тануға шақырды
2 күн бұрын
-
Футбол тарихындағы ең ірі инвестиция: Қазақстан ФИФА-дан қанша миллиард тенге алады?
2 күн бұрын
-
Рэпер Navai Қазақстан шекарасында есірткімен ұсталды
2 күн бұрын
-
ШҚО-да үй өртеніп, әйел мен екі бала қаза тапты
2 күн бұрын
-
Astana Media Week 2026 аясында медиа саласындағы жасанды интеллекттің рөлі талқыланды
2 күн бұрын
-
2027 жылдан бастап Қазақстанға кіру тәртібі өзгереді
2 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың деректері шетелде өңделе ме: Yandex-тегі ақаудан кейін депутаттар тексеріс талап етті
2 күн бұрын
-
Қошанов: Реформалар елді бүгін өзгертсе, құндылықтар оның елу жылдан кейін қандай болатынын айқындайды
2 күн бұрын
-
Табыс қана емес: Қазақстанда жәрдемақы алатындардың шығыны да тексеріледі
2 күн бұрын
-
Ең төменгі жалақы 150 мың теңге бола ма? Жұманғарин жауап берді
2 күн бұрын
-
Қазақстанда 529 мың адам жәрдемақыдан қағылуы мүмкін
2 күн бұрын
-
РФММ-дегі балалардың жаппай улануы: асханадан заң бұзушылықтар табылды
2 күн бұрын
-
Үкімет жәрдемақыны қысқартып, қанша қаржы үнемдемек
2 күн бұрын
-
Маман тапшылығы шектен шықты: Елдегі ең дефицит дәрігер мамандықтары анықталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жол салу жүйесі түбегейлі өзгермек
3 күн бұрын
-
Алматыда 47 оқушы ауруханаға түсті: РФММ жұмысы уақытша тоқтатылды
3 күн бұрын
-
Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс айтқан inDrive жүргізушісі 10 тәулікке қамалды
3 күн бұрын
-
Ипотека алу жеңілдей ме: Үкімет алғашқы жарнаны азайтуды тапсырды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді
3 күн бұрын
-
17 жылға бас бостандығынан айырылды : Астанада Telegram арқылы есірткі сатқандар сотталды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда жыл басынан бері 356 мың жеке кәсіпкер есептен шығарылды
3 күн бұрын
-
Қазақстандықтардың нақты табысы қаншалықты өсті?
3 күн бұрын
-
Астанада бір кеште 50 отбасы баспаналы болды
3 күн бұрын
-
Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі тағы да көтерілді
3 күн бұрын
-
Қазақстан АЭС салуға қаншалықты дайын: МАГАТЭ миссиясы Астанаға келді
3 күн бұрын
-
Каспий жағалауынан тағы 15 итбалықтың өлексесі табылды
3 күн бұрын