$ 447.73 € 502.98 ₽ 5.35

Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды басшыны қызметінен босатты

Абдрахманов Мағжан
03 қазан 2026, 14:57
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды басшыны қызметінен босатты Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауазымды басшыны қызметінен босатты. Мемлекет басшысының өкімдерімен Қаныш Әбубәкіров, Алмаз Джумакеев және Қанат Ниязбеков атқарып келген қызметтерінен кетті.

Қаныш Әбубәкіров Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы күштер Бас штабының бастығы қызметінен, Алмаз Джумакеев Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды.

Сонымен қатар Қанат Ниязбеков Қарулы күштердің Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы қызметінен кетті. Ол бұл қызметке 2025 жылғы 15 тамызда тағайындалған болатын. 

Кадрлық өзгерістер Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқан қайғылы оқиғадан кейін болып отыр. Оқиғаға байланысты қылмыстық істер қозғалып, тергеу жүріп жатыр. 

Бұған дейін, 27 қыркүйекте, Президент Дәурен Қосановты Қорғаныс министрі қызметінен босатқан еді.  Кейін бұл қызметке Айдос Мырзахметов тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар