$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қызметінен босатты

Абдрахманов Мағжан
27 қыркүйек 2026, 10:19
Тоқаев Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қызметінен босатты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дәурен Қосанов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы 27 қыркүйекте Ақорда хабарлады. 

Қосанов Қорғаныс министрі қызметін 2025 жылғы маусымнан бері атқарды. Үкімет құрамы жаңарғаннан кейін 2026 жылғы 3 қыркүйекте ол осы лауазымға қайта тағайындалған еді. 

Бұл шешім Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметші қаза тапқан қайғылы оқиғадан кейін қабылданып отыр. 

Бір күн бұрын Президент Қорғаныс министрлігіндегі жағдайды кешенді тексеру үшін арнайы комиссия құрған болатын. Комиссия министрліктегі жалпы жағдаймен бірге әскери құрылымдардың қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етілуін тексеріп, алғашқы нәтижесін жеті күн ішінде баяндауға тиіс. 

Соңғы жаңалықтар