$ 519.64 € 609.23 ₽ 6.62

Тоқаев көлік министрін тағайындады

Абдрахманов Мағжан
30 маусым 2025 10:05 33
Тоқаев көлік министрін тағайындады Сурет авторы: ҚР Президентінің баспасөз қызметі

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Ермекұлы Сауранбаев Көлік министрі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың ресми хабарламасында айтылды.

Нұрлан Сауранбаев 1967 жылы Тараз қаласында дүниеге келген. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Италиядағы Мұнай өнеркәсібі оқу орталығын тәмамдаған. Мамандығы – экономист, сондай-ақ мұнай ісі әкімшілігі бойынша магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын 1991 жылы жеке коммерциялық компанияда басшылық қызметтен бастаған. 2021 жылғы сәуірден бері «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы қызметін атқарып келді.

Еске салайық, биыл 14 мамырда Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Мемлекет басшысы Көлік министрлігінің жұмысындағы кемшіліктерді сынға алған болатын. Сол кезде Президент Марат Қарабаевқа сөгіс жариялап, 8 маусымда оны қызметінен босатқан еді.

Соңғы жаңалықтар