$ 450.79 € 524.13 ₽ 5.31

Тоқаев Қазақстанның екі елдегі елшісін ауыстырды

Абдрахманов Мағжан
11 қыркүйек 2026, 09:43
Тоқаев Қазақстанның екі елдегі елшісін ауыстырды Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық қызметте бірқатар кадрлық өзгеріс жасады. Мәлік Мырзалин Қазақстанның Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалып, Қазақстанның Грузиядағы елшісі қызметінен босатылды.

Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне Талғат Әдуов тағайындалды.

Сонымен қатар Болат Сүгірбаев Қазақстанның Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Бруней-Даруссаламдағы елшісі қызметтерінен босатылды. Ол Бруней-Даруссаламдағы елшілік міндетін қоса атқарып келген.

Соңғы жаңалықтар