$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісін тағайындады

Абдрахманов Мағжан
20 қазан 2025 09:39 379
Тоқаев Қазақстанның АҚШ-тағы Елшісін тағайындады

Президенттің Жарлығымен Мағжан Жанботаұлы Ілиясов Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін ол 2022 жылдың қазан айынан бері Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Елші лауазымын атқарып келген. 2020–2022 жылдары Қазақстанның БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілі, ал 2016–2020 жылдары Нидерландтағы Елші және Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы Тұрақты өкіл болған.

Жаңа тағайындауға байланысты Ілиясов Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, сондай-ақ Исландия мен Ирландиядағы Елші қызметін қоса атқарудан босатылды.

Соңғы жаңалықтар