$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Тоқаев Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады

Редакция
31 наурыз 2024, 05:24
Тоқаев Қазақстан халқын Амал күнімен құттықтады Сурет авторы: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Амал күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Әз-Наурыздың бастауы – Амал күні құтты болсын! Бұл – халқымыздың ежелгі әдет-ғұрпын жаңғыртып, төл мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналған бірегей дәстүріміз. Осы күні ұлттық болмысымыз бен құндылықтарымыз ерекше дәріптеледі. Ел ырысы көбейе берсін! Жыл жақсылығымен келсін!» – деп жазды Президент өзінің Х парақшасында.

Соңғы жаңалықтар