$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарларын бекітті

Редакция
17 сәуір 2025 01:49 3538
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының жаңа орынбасарларын бекітті Сурет авторы: gov.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары ауысты. Тағайындау туралы өкім Ақорда сайтында жарияланды.

Лугмар Харкиевич Буларов пен Юрий Германович Шин аталған лауазымдардан босатылды.

Олардың орнына Расул Сурмалиевич Ахметов пен Дмитрий Валерьевич Останькович Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының жаңа орынбасарлары болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар