$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Тоқаев Қазақстан армиясына бірқатар кадрлық өзгеріс жасады

Редакция
26 қараша 2024, 04:09
Тоқаев Қазақстан армиясына бірқатар кадрлық өзгеріс жасады Сурет авторы: gov.kz

Мемлекет басшысы ҚР Қарулы Күштерінде бірқатар кадрлық өзгеріс жасады.

Атап айтқанда, Асан Қуанышұлы Жүсіпов Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды. Оның орнына бұл қызметке Мереке Мәтімұлы Көшекбаев тағайындалды.

Сондай-ақ Қуанышбек Өскенбайұлы Үштаев «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылып, оның орнына Ержан Уақасұлы Ыбыраев тағайындалды. Ержан Ыбыраев жаңа қызметке тағайындалуына байланысты бұрынғы лауазымынан босатылды.

Соңғы жаңалықтар