$ 441.88 € 503.61 ₽ 5.24

Тоқаев Каспийде қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жеделхат жолдады

Абдрахманов Мағжан
26 қыркүйек 2026, 06:29
Тоқаев Каспийде қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жеделхат жолдады Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиғадан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына жеке көңіл айту жеделхаттарын жолдады. Жеделхаттарды Маңғыстау және Түркістан облыстарының басшылары, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мен қоғам өкілдері оқып, отбасыларға табыстады.

Мемлекет басшысы қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, оларға барлық қажетті көмек берілетінін жеткізді. Сондай-ақ оқиғаға кінәлі адамдардың заң аясында қатаң жауапқа тартылатыны айтылған.

Президент жеделхатында қаза тапқан әскери қызметшілердің мемлекеттік наградаларға ұсынылатынын да атап өткен.

24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында әскери оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметшіні теңіз ағысы алып кеткен. Үш адам аман қалып, 14 әскери қызметші қаза тапты. 25 қыркүйек Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс тергеліп жатыр. Бұған дейін Ішкі істер министрлігі қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу күдігімен Қорғаныс министрлігі жүйесіндегі бес лауазымды тұлғаның ұсталғанын хабарлаған.

Соңғы жаңалықтар