$ 453.65 € 509.99 ₽ 5.31

Тоқаев Қарулы Күштер Бас штабының жаңа бастығын тағайындады

Абдрахманов Мағжан
05 қазан 2026, 10:07
Тоқаев Қарулы Күштер Бас штабының жаңа бастығын тағайындады

Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Омарбеков Қазақстан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштер Бас штабының бастығы болып тағайындалды.

Ол бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы қызметін атқарған.

Айтқұрман Омарбеков 1977 жылы қазіргі Абай облысында туған. Ресей Қорғаныс министрлігінің Әскери университетін және Еуразия гуманитарлық институтын бітірген. 1997–2014 жылдары Республикалық ұланда, кейін Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі офицерлік және басшылық лауазымдарда қызмет еткен. 2022 жылы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалған. Сол жылы оған Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры арнаулы атағы берілді.

Омарбеков бұл қызметте 3 қазанда лауазымынан босатылған Қаныш Әбубәкіровтің орнына келді. Сол күні Қорғаныс министрінің орынбасары Алмаз Жұмакеев пен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы Қанат Ниязбеков те қызметінен босатылған еді.

Соңғы жаңалықтар