Тоқаев: Қарулы қақтығыстардың салдары соғыс аймағынан тыс жерлерге де таралып жатыр
Сурет авторы: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында қарулы қақтығыстардың салдары әскери іс-қимыл жүріп жатқан аумақпен шектелмей, халықаралық нарықтарға, кеме қатынасына, энергетикалық және көлік байланыстарына әсер етіп жатқанын айтты.
Мемлекет басшысының сөзінше, қазіргі әлемде геосаяси бақталастық күшейіп, мемлекеттер арасындағы өзара сенім әлсіреп барады. Мұндай жағдайда халықаралық ұйымдардың, соның ішінде ШЫҰ-ның жауапкершілігі арта түседі.
«Әсіресе, қарулы қақтығыстардың салдары көбіне әскери іс-қимыл аймақтарынан тысқары жерді шарпып, халықаралық нарықтарға, коммерциялық кеме қатынасына, орнықты энергетикалық және көлік байланыстарына нұқсан келтіріп жатқаны алаңдатады. Сонымен қатар дағдарыстың трансшекаралық сипатта белең алу қаупі күшейіп келеді», – деді Тоқаев.
Президент осыған байланысты Еуразия құрлығындағы стратегиялық тұрақтылық және сенім шаралары бойынша министрлер деңгейіндегі ШЫҰ конференциясын өткізуді ұсынды. Оның күн тәртібіне әскери тәуекелдерді азайту, қарулану жарысын тежеу және қауіпті оқиғалардың алдын алу мәселелерін енгізуге болады.
Тоқаев ШЫҰ-ның соңғы 25 жылда «Шанхай бестігінен» Еуразияның едәуір бөлігін қамтитын ірі халықаралық ұйымға айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, ұйым әскери-саяси блок қағидатымен жұмыс істемейді және қандай да бір мемлекетке қарсы бағытталмаған.
Президент терроризм, экстремизм және сепаратизммен күрес ШЫҰ аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі болып қала беретінін айтты. Оның сөзінше, бұл қатерлер трансұлттық қылмыс, есірткі тасымалы, заңсыз қару айналымы және киберқауіппен астасып жатыр.
Қазақстан Сын-қатерлер мен қауіптерге қарсы іс-қимыл жөніндегі әмбебап орталық пен ШЫҰ Есірткіге қарсы орталығының жұмысын қолдайды.
Соңғы жаңалықтар
-
Тоқаев: Қарулы қақтығыстардың салдары соғыс аймағынан тыс жерлерге де таралып жатыр
1 сағат бұрын
-
Пәтер мен Lexus-ті пайызсыз береміз деген: Amanat Drive қаржы пирамидасының басшылары сотталды
1 сағат бұрын
-
2027 жылы қазақстандықтарды қажылыққа апару құқығына кімдер ие болды
2 сағат бұрын
-
Айбек Дәдебай Құрылтайдың заң шығару жұмысындағы басымдықтарды атады
3 сағат бұрын
-
Қырғызстан мен Қытай шекарада көпір салып, мәңгілік достық туралы шартқа қол қойды
3 сағат бұрын
-
«Отбасы банк» басшылары 2025 жылы қанша миллион теңге сыйақы алды
3 сағат бұрын
-
2027 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қанша болады?
3 сағат бұрын
-
Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады
3 сағат бұрын
-
Тоқаев Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
3 сағат бұрын
-
Елордадағы ең қарбалас көшелердің бірінде көлік қозғалысы шектелді
3 сағат бұрын
-
Моди Путинді Украинадағы соғысты тоқтатуға шақырды
4 сағат бұрын
-
Тоқаев пен Путин Бішкекте кездесті
4 сағат бұрын
-
Air Astana-ның бұрынғы басшысы айына шамамен 57 млн теңге сыйақы алған
19 сағат бұрын
-
Елімізде жаңа оқу жылында 4 миллионнан астам бала мектепке барады
19 сағат бұрын
-
Еліміздегі топ-5 банктің бірін грузиялық инвестор сатып алуы мүмкін
19 сағат бұрын
-
Қазақстан мен Орталық Азиядағы алғашқы балалар нейрохирургиялық роботы Өскеменге орнатылады
20 сағат бұрын
-
Тоқаев ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Бішкекке барды
20 сағат бұрын
-
Қазақстанда жекеменшік мектептерді мемлекеттік қаржыландыру мөлшері бекітілмек
20 сағат бұрын
-
Алматыда бензин, газ және дизельмен жүретін көліктер қосымша тексеріледі
20 сағат бұрын
-
Журналистердің кулуарда депутаттарға сұрақ қоюына шектеу қойылды
22 сағат бұрын
-
Orda.kz жобасы жұмысын тоқтатады
22 сағат бұрын
-
Аида Балаева Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болып тағайындалды
23 сағат бұрын
-
Тоқаев Вице-Президент Ерлан Қаринге бірқатар міндет жүктеді
1 күн бұрын
-
Ақтауда катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
1 күн бұрын
-
Тоқаев пен Путин Бішкекте кездеседі: Қос ел лидерлерінің кездесуінде қандай мәселелер талқыланады
1 күн бұрын
-
Қар жаууы мүмкін: қыркүйек айының басында күн күрт суытады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік арзандады
1 күн бұрын
-
Олжас Бектенов Премьер-Министр қызметінде қалды
1 күн бұрын
-
Ерлан Қарин Қазақстанның Вице-Президенті болып сайланды
1 күн бұрын
-
Ерлан Қарин Қазақстанның Вице-Президенті қызметіне ұсынылды
1 күн бұрын
-
Halyk Bank басқа банктерге ақша аударғанда ұсталатын комиссия мөлшерін арттырмақ
1 күн бұрын
-
Алматыда 1 қыркүйек күні кептелісті азайту үшін қандай шаралар қабылданады
1 күн бұрын
-
Қазақстандық теннисші Александр Бублик US Open-2026 турнирінің екінші айналымына шықты
1 күн бұрын
-
Непал мен Қытайдағы тасқыннан қаза тапқандар саны 800-ге жуықтады
1 күн бұрын
-
Қазақстанда тұмау мен коронавирусқа қарсы жаңа маусым басталды
1 күн бұрын
-
Тоқаев Садыр Жапаровты Қырғызстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады
1 күн бұрын
-
Түркістанда хоккейден жастар арасындағы кубок бәсекесі басталды
3 күн бұрын
-
«Creative aimaq»: Түркістан облысы Астанада мәдени-инновациялық іс-шара өткізеді
3 күн бұрын
-
Бүгілмелі iPhone қашан шығады: Apple жаңа өнімдерін таныстырады
3 күн бұрын
-
ШҚО-да жоғары оқу орнына түскен түлектер саны артты
3 күн бұрын
-
Жаздың соңғы күндері қар жауып, үсік жүруі мүмкін
3 күн бұрын
-
Аймағамбетов, Ахмедиев, Шапақ: Құрылтай комитеттерін кімдер басқарады
3 күн бұрын
-
Құрылтай төрағасының үш орынбасары сайланды
3 күн бұрын
-
Малайзия қазақстандықтарды неге елге кіргізбей жатыр
3 күн бұрын
-
FlyArystan ұшағынан өрт шығып, бір қызметкер жарақат алды
3 күн бұрын
-
Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды
3 күн бұрын
-
Сабақта телефон қолдануға рұқсат берілді ме? Оқу-ағарту министрлігінің күтпеген мәлімдемесі
3 күн бұрын
-
Тоқаев Вице-Президент пен Премьер-Министрдің кандидатураларын Құрылтайға ұсынады
4 күн бұрын
-
Қазақстанда Халық Кеңесі қыркүйектің екінші жартысында құрылады
4 күн бұрын
-
Қазақстанда «Алтын виза» енгізіледі: Тоқаев Құрылтайда маңызды тапсырма берді
4 күн бұрын