$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Тоқаев Ердоғанды Республика күнімен құттықтады

Дулат Абдраманов
29 қазан 2025 09:25 53
Тоқаев Ердоғанды Республика күнімен құттықтады Сурет авторы: Ақорда

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы бауырлас ел халқын ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта биыл Түркияға жасаған ресми сапары барысында Режеп Тайип Ердоғанмен мазмұнды келіссөздер өткенін атап өтті. Президенттің айтуынша, Анкарада қол жеткізілген уағдаластықтар мен бастамалар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға серпін береді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Түркия Президентіне жауапты қызметінде толағай табыс, ал бауырлас түрік халқына амандық пен бақ-береке тіледі.

Соңғы жаңалықтар