$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Тоқаев Энергетика министрін қабылдады

Редакция
29 шілде 2024 05:01 1941
Тоқаев Энергетика министрін қабылдады Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады.

Алмасадам Сәтқалиев еліміздің отын-энергетика кешенінің биылғы бірінші жартыжылдықтағы дамуы жөнінде есеп берді.

Оның айтуынша, осы уақыт аралығында 44,7 миллион тонна мұнай өндірілген. Мұнай өнімдерінің өндірісі 6,78 миллион тоннаны құраған. Сондай-ақ ол 30,1 миллиард текше метр газ өндіріліп, электр қуатын өндіру көлемі 60,4 миллиард кВт/сағатқа жеткені туралы айтты.

Министр ведомствоның тұтынушыларды электр қуатымен және жылумен тұрақты қамтамасыз етуге бағытталған ірі инвестициялық жобаларды іске асыру жоспары жөнінде мәлімет берді.

Сонымен қатар жаңартылатын энергия көздерін дамыту шаралары туралы баяндады.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы жылыту маусымына дайындық бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді және ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар