$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Тоқаев дәрігерлерді қорғайтын заңға қол қойды: Енді соққыға жыққандар қатаң жазаланады

Редакция
03 қаңтар 2026, 14:26
Тоқаев дәрігерлерді қорғайтын заңға қол қойды: Енді соққыға жыққандар қатаң жазаланады Сурет авторы: Informburo

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін күшейтетін маңызды заңға қол қойды. Енді дәрігерлер мен жедел жәрдем жүргізушілеріне қол көтергендер немесе қоқан-лоқы көрсеткендер үшін жауапкершілік әлдеқайда қатаң болмақ,деп хабарлайды Ақорда.

Қылмыстық кодексте жаңа 380-3-бап пайда болды. Ол тікелей медицина мамандарына қатысты көрсетілген зорлық-зомбылық әрекеттерін реттейді.

Тәртіп бұзушыларды қандай жаза күтіп тұр?
Күш қолданамын деп қорқыту (Угроза):

  • 200–500 АЕК айыппұл, қоғамдық жұмыстар немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
  • Ауырлататын жағдайлар болса — 3 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.

Өміріне қауіп төндірмейтін соққы немесе күш көрсету:

  • 500–1000 АЕК айыппұл немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
  • Ауырлататын жағдайлар болса — жаза мерзімі 7 жылға дейін ұзарады.

Өмірі мен денсаулығына қауіпті ауыр соққы (Денсаулыққа зиян келтіру):

  • 5 жылдан 10 жылға дейін түрмеге қамау.
  • Егер бұл әрекет ауыр салдарға әкеп соқса — 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.

Бұл заңды Денсаулық сақтау министрлігі, ІІМ және Бас прокуратура бірлесіп әзірледі. Басты мақсат - адам өмірін құтқарушыларды агрессия мен қысымнан қорғау.

Соңғы жаңалықтар