$ 537.34 € 623.05 ₽ 6.65

Тоқаев бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өткізді

Абдрахманов Мағжан
20 тамыз 2025 13:15 516
Тоқаев бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша жиын өткізді Сурет авторы: Ақорда

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ұлттық экономика және бюджетті жоспарлау мәселелеріне арналған жиын өтті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Жиынға Премьер-министр Олжас Бектенов, Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов, Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин және басқа да мемлекеттік органдардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында ұлттық экономиканың қазіргі жағдайы мен даму перспективасы қаралды. Сондай-ақ 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлері талқыланды.

Мемлекет басшысы республикалық және жергілікті деңгейде қаржыны тиімді жоспарлау мен бөлудің маңызына ерекше тоқталды. Президенттің айтуынша, бюджет саясаты әлеуметтік міндеттемелерді толық орындауға, өңірлердің ұзақмерзімді жоспарларын қаржыландыруға және қаржының теңгерімділігін сақтауға бағытталуы тиіс.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаражатты мақсатқа сай бөлу мен игерудің, сондай-ақ бақылаудың күшейтілуі қажет екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар