$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Тоқаев биыл да туған күнін тойламайтын болды

Редакция
17 мамыр 2024 03:16 3572
Тоқаев биыл да туған күнін тойламайтын болды Сурет авторы: Ақорда

Бүгін – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Мемлекет басшысы 71 жасқа толды.

Президенттің кеңесшісі һәм баспасөз хатшысы Берік Уәли Қасым-Жомарт Кемелұлы күндегіше жұмысқа келгенін айтты. Бүгінге ешқандай шара, құттықтау жоспарланбаған.

"Президенттің отбасында туған күнді айырықша өткізу үрдісі жоқ. Бала болсын, ата-ана болсын бұл күнді барынша қарапайым қабылдайды", – деді Берік Уәли.

Қасым-Жомарт Тоқаев 1953 жылы 17 мамырда Алматыда жазушы Кемел Тоқаев пен Алматы шет тілдері педагогикалық институтының қызметкері Тұрар Шабарбаеваның отбасында дүниеге келген.

Мемлекет басшысы Ілияс Есенберлин атындағы №25 гимназияны бітірген. Ол Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтында (МГИМО) оқып, оны 1975 жылы бітірді.

Тоқаев өз мансабында ҚР Сыртқы істер министрі, ҚР Премьер-министрі, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры, ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы секілді бірқатар маңызды қызметтерді атқарды.

2019 жылы Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кеткеннен кейін ҚР Президенті қызметіне кірісті және 2022 жылы қайта сайланды.

Соңғы жаңалықтар