$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Тоқаев бірнеше тұлғаға мемлекеттік стипендия тағайындады

Редакция
31 желтоқсан 2024 04:30 1656
Тоқаев бірнеше тұлғаға мемлекеттік стипендия тағайындады Сурет авторы: Коллаж: Kazinform

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендияны 75 әдебиет және өнер қайраткеріне тағайындады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Мемлекеттік стипендияға ие болғандар қатарында ақын Олжас Сүлейменов, жазушы және мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, әнші Бибігүл Төлегенова, актер Асанәлі Әшімов, актриса Самал Еслямова, композитор Қуат Шілдебеков және басқа да өнер қайраткерлері бар.

Стипендия иегерлері алдағы жылы ай сайын 55 АЕК көлемінде (216 260 теңге) төлем алады.

Соңғы жаңалықтар