$ 458.87 € 535.09 ₽ 5.42

Тоқаев бірқатар жоғары лауазымды шенеунікті қызметінен босатты

Редакция
27 тамыз 2026, 10:23
Тоқаев бірқатар жоғары лауазымды шенеунікті қызметінен босатты Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар жоғары лауазымды тұлғаларды иеленген қызметтерінен босату туралы шешім қабылдады. Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, кадрлық өзгерістер аталған шенеуніктердің Құрылтайға өтуіне байланысты жүзеге асырылды.

Президент өкімімен Дархан Мейрамұлы Ахмедиев Қазақстан Республикасы Корғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды. Сонымен қатар Мемлекет басшысының Жарлығымен Сатыбалды Ересов-ұлы Бұршақов Қазақстан Республикасының Солтүстік Македония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Кадрлық ауыс-түйіс Президент Әкімшілігі мен Игілік аппаратын да қамтыды. Мемлекет басшысының өкімімен Абай Алтай Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан, ал Ербол Дәненұлы Адаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Лауазымдарынан босатылған бұл тұлғалардың барлығы «Әділет» партиясының құрамында депутаттық мандатқа ие болды.

Соңғы жаңалықтар