$ 537.53 € 620.52 ₽ 6.71

Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді ауыстырды

Редакция
05 қаңтар 2025 04:58 1222
Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді ауыстырды Сурет авторы: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық корпусқа бірқатар кадрлық өзгеріс енгізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының жексенбі күнгі жарлықтарымен:

  • Жеңіс Асқар Жеңісұлы Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;
  • Батрашев Дәулет Қасекенұлы Хорватия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Португалия Республикасындағы Елші қызметінен босатылды;
  • Ғалиев Жан Сержанұлы Португалия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды;
  • Иордания Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елші Шалданбай Талғат Рахымқұлұлы Ирак Республикасындағы және Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елші болып қосымша тағайындалды.

Сонымен қатар Президент жарлықтарымен:

  • Лама Шәріп Қайрат Қайырбекұлы Мысыр Араб Республикасындағы және Тунис Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерінен босатылды;
  • Қамалдинов Ақылбек Абсатұлы Хорватия Республикасындағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылды.

Соңғы жаңалықтар