$ 536.32 € 626.9 ₽ 6.6

Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді ауыстырды

Абдрахманов Мағжан
13 қазан 2025 09:25 58
Тоқаев бірқатар елдегі елшілерді ауыстырды Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысының жарлықтарымен Қазақстанның бірқатар елдегі дипломатиялық өкілдерінде кадрлық өзгерістер болды. Бұл жөнінде Акорда хабарлады.

Данияр Сарекенов Қазақстан Республикасының Словения Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Оның орнына Алтай Әбибуллаев тағайындалды.

Сондай-ақ Қазақстанның Хорватия Республикасындағы елшісі Дәулет Батырашев енді Босния және Герцеговина мен Черногориядағы Төтенше және Өкілетті Елші қызметін қоса атқарады.

Ал Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы елші Әнуарбек Ахметов Қазақстанның Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар