$ 499.65 € 582.89 ₽ 6.47

Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады

Редакция
04 қазан 2024 02:16 2040
Тоқаев бірқатар ауыс-түйіс жасады Сурет авторы: ortcom.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Қожаев Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлады Ақорда.

Бұл ретте президент жарлығымен Ләззат Қалтаеваның орнына Парламент Сенатының депутаты болып тағайындалды.

60 жастағы Марат Қожаев 2019 жылдан бері Ішкі істер бірінші вице-министрі қызметін атқарды. Бұған дейін ол елордалық полиция басқармасын басқарған. Сондай-ақ әр уақытта Павлодар облысы ішкі істер департаментінің бастығы, Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитетін басқарды, Алматы қаласы ІІД бастығының орынбасары болды.

Соңғы жаңалықтар