$ 464.77 € 541.36 ₽ 5.41

Тоқаев Айбек Дәдебайды Құрылтай төрағасы қызметіне ұсынды

Абдрахманов Мағжан
28 тамыз 2026, 11:51
Тоқаев Айбек Дәдебайды Құрылтай төрағасы қызметіне ұсынды Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Айбек Дәдебайдың кандидатурасын Құрылтай төрағасы қызметіне ұсынды. Мемлекет басшысы бұл туралы бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясында мәлімдеді.

Президент жаңа Конституцияға сәйкес билік институттарын қалыптастыру үшін алдымен Құрылтайдың басшылық құрамын сайлап, құрылымын жасақтау қажет екенін айтты. Конституцияның 57-бабына сәйкес Құрылтай төрағасының кандидатурасын Президент ұсынады.

«Мен жауапкершілігі зор бұл лауазымға Айбек Арқабайұлы Дәдебайдың кандидатурасын ұсынамын», – деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы Дәдебайдың мемлекеттік басқару жүйесінде көп жыл қызмет еткенін және тәжірибесі мол екенін атап өтті.

«Өзінің білімді, отаншыл, адал азамат екенін нақты істерімен дәлелдеді. Сондықтан оны осы лауазымға лайық деп санаймын», – деді Президент.

Тоқаев Құрылтай депутаттарын Айбек Дәдебайдың кандидатурасын қолдауға шақырды.

Соңғы жаңалықтар