$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Тоқаев Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Әлиевке көңіл айтты

Редакция
25 желтоқсан 2024, 07:40
Тоқаев Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты Әлиевке көңіл айтты Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ильхам Әлиевке Маңғыстау облысында Әзербайжанның әуе жолдары ұшағы апатқа ұшырап, экипаж мүшелері мен жолаушылардың қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.

– Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, Сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді, – делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар