$ 509.63 € 592.34 ₽ 6.54

Тоқаев әкімге Алматыны «ешқашан ұйықтамайтын қалаға» айналдыруды тапсырды

Редакция
05 қаңтар 2026, 11:19
Тоқаев әкімге Алматыны «ешқашан ұйықтамайтын қалаға» айналдыруды тапсырды Сурет авторы: sxodim

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Алматы әкіміне қаланы әлемдік мегаполистер үлгісімен тәулік бойы жұмыс істейтін туристік орталыққа айналдыруды тапсырғанын айтты.

Мемлекет басшысы туризмнің дамуына «жалған экобелсенділер» мен кейбір салалардағы бәсекелестіктің жоқтығы кедергі болып отырғанын атап өтті. Сондай-ақ ол «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортын жаңарту қажеттігіне тоқталды. Оның айтуынша, курорттың орналасқан жері ерекше болғанымен, ол ескірген және дамудың жаңа тәсілдерін қажет етеді.


Тоқаев Алматы тау кластері табысы әртүрлі туристер үшін қолжетімді болуы керектігін қосты. Ал қаланың өзі тәулік бойы жұмыс істеуі үшін инфрақұрылымды, абаттандыруды және жарықтандыруды одан әрі жақсартуды талап етеді.


 «Әкімге Алматыны Нью-Йорк, Мәскеу, Париж сияқты "ешқашан ұйықтамайтын", қонақтардың мүддесі үшін тәулік бойы жұмыс істейтін қалаға айналдыруды тапсырдым», – деді мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар