$ 510.19 € 582.79 ₽ 6.46

Тоқаев: Ақиқаты осы, оның несін жасырамыз?!

Редакция
28 қаңтар 2025 04:45 2196
Тоқаев: Ақиқаты осы, оның несін жасырамыз?! Сурет авторы: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке инфрақұрылымды дамыту және коммуналдық саланы жаңа деңгейге көтеру қажеттігін қатаң тапсырды. Ол энергетикалық және коммуналдық шаруашылықтағы мәселелерді шешу үшін нақты шаралар қабылдауды талап етті.

"Жылу стансаларындағы апаттар елімізге абырой әпермейді, беделіне нұқсан келтіреді және бұл мемлекеттік қызметшілердің жауапсыздығы мен біліксіздігін көрсетеді. Аймақтарда коммуналдық шаруашылықтағы басшылық орындарда кәсіби мамандар емес, заңгерлер мен басқа да гуманитарлық сала өкілдері отыр," – деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.

Тоқаев тариф саясатының маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, электр энергиясы, жылу және су бағасы нарық талаптарына сай келмесе, оларды үздіксіз жеткізу мүмкін емес.

"ТМД елдерінің бәрінде дерлік электр энергиясының, газдың және мұнай өнімдерінің бағасы бізден қымбат. Бұл экономика балансының бұзылып, шатқаяқтауына әкеп соғады. Ақиқаты осы, оның несін жасырамыз?!" – деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеудің маңыздылығына тоқталды. Ол суды тиімді пайдалану және оны үнемдеу технологияларын енгізу мәселесін көтерді.

"Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда су тапшылығы күшейіп тұр. Үкімет осы бағытта белсенді жұмыс істеп, 1 маусымға дейін нақты есеп беруі тиіс," – деп тапсырды Тоқаев.

Соңғы жаңалықтар