$ 533.61 € 621.07 ₽ 6.78

Тоқаев АЭС салуды жеделдетуді тапсырды

Редакция
09 қаңтар 2025 01:33 4786
Тоқаев АЭС салуды жеделдетуді тапсырды Сурет авторы: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев EXPO аумағындағы Жобалық кеңсе қызметімен танысып, еліміздегі стратегиялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Президент реформалар тиімділігін арттыру мен маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жеделдетудің маңыздылығына тоқталды.

Атап айтқанда, Тоқаев атом энергетикасын дамытуға ерекше назар аударып, АЭС құрылысын тездетуді тапсырды. Президент екі ірі станция салынатынын, ал болашақта олардың саны үшеуге дейін жетуі мүмкін екенін айтты.

"Қазақстанды ядролық энергетикасы дамыған, жасанды интеллект қолданылатын, цифрландыру толық көлемде жүргізілген елге айналдыруымыз керек", – деді Мемлекет басшысы.

Соңғы жаңалықтар