$ 540.78 € 618.65 ₽ 6.71

Тиктокерлер мен блогерлер салық төлейді ме: Қаржы вице–министрі жауап берді

Редакция
31 наурыз 2024 05:24 2218
Тиктокерлер мен блогерлер салық төлейді ме: Қаржы вице–министрі жауап берді Сурет авторы: ашық дереккөзден

Елімізде TikTok және Instagram әлеуметтік желілері арқылы табыс табатын азаматтарға салық салынуы мүмкін. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді.

Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистер вице-министрден “күніне миллиондап табатын тиктокерлерге салық салынуы мүмкін бе?” деп сұраған болатын.

Ержан Біржановтың айтуынша, табыс табатын әр қазақстандық салық төлеуі тиіс.

“Біз интернетте қызмет атқарып, табыс табатын азаматтарға мониторинг жүргіземіз. Оларға жаз бойы жыл біткеннен кейін табыс мөлшерін нысанаға көрсетуі керек екені жөнінде бірнеше хабарландыру жібердік. Жыл біткеннен кейін, нысаналарды тексеріп қараймыз. Егер олар осы нысанаға табыс мөлшерін көрсетсе, оларға сұрақ туындамайды. Ал көрсетпесе, оларға басқа шара қолданылатын болады. Олардың қанша жазылушысы бар екенін, жарнамалық бағыттағы жұмысын бақылап отырмыз”, – деп жауап берді қаржы вице-министрі.

Соңғы жаңалықтар